|
所在平台: Udemy |
课程主页: https://www.udemy.com/course/knitting-channel-in-kazakh/
课程评论:没有评论
**课程名称:** 哈萨克语编织频道 (Қазақ тіліндегі тоқу арнасы) **课程概述:** 本课程旨在帮助您以简单有趣的方式学习哈萨克语和编织。通过关于如何编织手套的完整视频教程,您将能够更有效地利用您的时间。课程使用了最新的智能技术,力求制作出清晰的视频。您将学会制作有用的礼物送给亲人。如果您对哈萨克语或编织过程有任何疑问,或对内容有建议,欢迎随时与我联系。我随时准备好接收您的反馈。 **学习目标:** * 学习哈萨克语,并将其融入日常工作和生活中。 * 学习编织的技巧。 * 通过了解母语和运用母语,实现自我认知。 * 在任何生活状况中都能建立自信。 * 在面对“我是谁”的问题时,能够找到内心的答案。 **课程亮点:** * 学习哈萨克语和编织的双重收获。 * 清晰的视频教程,利用最先进的技术。 * 教授制作实用礼物的编织技巧。 * 鼓励自我认知和语言应用。 * 引用库拉什·艾赫梅托娃 (Күлəш Ахметова) 的诗歌“摇篮曲”(Тал бесік),表达对民族未来的美好祝愿。 **祝愿:** 祝贺即将到来的纳乌鲁斯节 (Наурыз)!愿您收获丰盛,我们团结一心!期待您的加入。
Қазақ тілін және тоқуды оңай әрі қызықты жолмен үйренесіз. Қолғап тоқу туралы толық бейне нұсқаулық арқылы сіз уақытыңызды екі есе пайдалы өткізесіз. Соңғы интеллектуалды технологияларды пайдалана отырып, өте анық бейнелер жасауға тырыстым. Жақындарыңызға пайдалы сыйлық жасауға жолын табасыз. Қазақ тілі немесе тоқу процесі туралы сұрақтарыңыз және контент бойынша ұсыныстарыңыз болса маған жазсаңыз болады, мен хабарласамын. Кері байланыс үшін әрқашан дайынмын. Өзіңіз үшін келіңіз, өз тіліңізді күнделікті жұмыста қолданып жұмсау үшін, тоқу үйрену үшін. Ана тілін білу, оны қолдану әр адамның өзін-өзі тануы үшін маңызды. Кез келген өмірлік жағдайларда өзіне сене алу үшін. Мен кіммін деген сұрақ туындаған кезде жауабын ішінен таба алу үшін. Күләш Ахметованың "Тал бесік" керемет өлеңін жазайын, одан артық қандай сөз болуы мүмкін білмеймін. Қара бұлт қаптаса да аспан, айды, Түссе де найзағайдай басқа қайғы. Үдеріп үрейленіп көшкенде де, Жұртына қазақ бесік тастамайды. Сондықтан сан көбейген, өсіп халық, Жау тисе, жан қорғауға машықтанып, Алтынын көміп кетіп, Ата-бабам Көшіпті балалармен бесікті алып. Халықтың көбейгенін армандармын, Өзінше түсінеді жалғанды әркім. Түлесін тұқымы асыл құлындармен Даласы тұлпарлардың, тарландардың. Ойланам жылды жылдар асықтырса, Ғанибет - халық басы өсіп тұрса! Қазақтың ертеңінен үміті зор - Үйінде тербетілген бесік тұрса.Қазақ үні арнасында кездескенше! Келе жатқан Науырыз мерекесі құтты болсын! Ақ мол болсын! Біз біргеміз! Асыға күтемін.